Шілікте алғашқыда діни оқу және сауат ашу мектебі болған. ХХ ғасырдың басында орыстардың қоныс аударушыларының келуіне байланысты 2 кластық  орыс-қазақ мектебі ашылған. Кеңес үкіметі тұсында 4 кластық бастауыш мектеп, 1947 жылы 7 жылдық, 1969 жылы 8 жылдық мектеп болды. 1970 жылдан бастап 4 кластық бастауыш мектеп болып қайта құрылды. 1991 жылы 10 жылдық болып қайта құрылды. 2008 жылдың 26 тамызында ауылдың төл перзенті кәсіпкер С.Сейтжановтың демеушілігімен жаңа ғимаратқа орналасты. Қазақстан Республикасының беру ұйымдарына Кеңес Одағының батырлары мен Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің есімдерін беру және оларды қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 cәуірдегі №360 қаулысына сәйкес, аудан әкімінің 29.05.2015 жылғы №98 қаулысына сай мектебімізге еңбек, соғыс ардагері, елге танымал ұстаз Сейітжан Құртаевтың есімі берілді.

 

 
Мектеп директоры

Құртаева Райхан Сейтжановна 2013 жылдан бүгінгі күнге дейін директорлық қызметін атқарып келеді.

  
 
Жалпы мұғалімдер саны

43 мұғалім, оның ішінде 4 мұғалім жоғары, 11 мұғалім бірінші, 3 мұғалім екінші, 12 мұғалім жалпы санатта. 3 мұғалім педагог-зерттеуші, 4 мұғалім педагог сарапшы, 6 мұғалім педагог-модератор

 
Ресми веб-сайты

http://www.kurtaev.mektebi.kz

 
Жалпы оқушылар саны

172 оқушы, оның ішінде 1-4 сыныптарда 72 оқушы, 5-9 сыныптарда 73 оқушы, 10-11 сыныптарда 27 оқушы.

 
Электронды жәшігі

Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.

Қате табылды ма? Оны таңдап, Ctrl+Enter басыңыз.