Тынымбаева Гулнар ТунгушбековнаАуданда алғашқы оқу бөлімін Жүзжанов Исабай (1935-1937ж.ж.) басқарған, кейінгі жылдары Оспанов Айдарша (1938-1941ж.ж.), Алтынбекова Мырзай (1941-1943ж.ж.), Нұрышов Әліхан (1943-1944ж.ж.), Жақыпов Нәдірулла (1944-1947ж.ж.), Егембердиев Жұмакелді (1947-1949ж.ж.), Шерімқұлов Айтбай (1950-1953ж.ж.), Досанов Кішмат (1953-1954ж.ж.), Жұмашев Ілияс (1955-1956ж.ж), Жабағин Тазшабай (1956-1958ж.ж), білім бөлімін ең ұзақ басқарған Ордабаев Құтым (1958-1987ж.ж.) болған, Көлбаев Жалғасбай (1987-1994ж.ж.) және Әлмешова Гүлзинат (1994-2005ж.ж.) басқарған, Жаппарқұлов Пердехан (2005-2008ж.ж.) басқарса, Көлбаев Жалғасбай (2008-2013ж.ж.), Мусатаева Жанат (2013-2023) басқарған, ал, 2024 жылдың 29 қаңтарынан бастап Тынымбаева Гульнара Тунгушбековна басқарып келеді.

Ауданның білім саласында әдістемелік кабинеттің орны ерекше, мұғалім кадрлардың біліктілігін арттыру, озат тәжірибені көпшілік кәдесіне асыруда көптеген кадрлар еңбек етті, алғаш кабинетті басқарған Құрманбай Әлшериев, Асан Бейсенгіров, Қ.Бекназаров, Ж.Меңлібеков, Т.Көпбаев, кейіндері О.Байбосынов, Қ.Тәжібаев, Д.Пәрменқұлов, қазіргі таңда Д.Ембай кабинетке басшылық жасап келеді.

Өткен ғасырдың 70 жылдары кабинетте әдіскерлер қатарында С.Ыдырысов, М.Халықов, Т.Киізбаев, Б.Берістемов, Н.Құрманбеков, К.Оспанова, О.Байбосынов, Қ.Асанов, М.Белгібаева, М.Шонтықов, Ә.Бекетова, Т.Мұстафаев, А.Жұмашов, Н.Райымханов, Б.Абдиев, И.Алтынбеков, Ж.Алтынбеков, Л.Жусанбаев, Г.Қылышбаева т.б. атауға болады.

Аудандық білім бөлімінің аппаратында көп жыл жұмыс жасаған А.Бейсенгіров, И.Алтынбеков, К.Наурызбев, Т.Киізбаев, О.Байбосынов, әдістемелік кабинетте тұрақты жұмыс жасаған К.Оспанова, Д.Пәрменқұловтарды атауға болады.

Ауданның білім саласында үлкен еңбек жасаған К.Шәріпова, Қ.Әлшериев, А.Мұғжанова, Қ.Партаев, С.Дайрабаев, К.Биімбетов, Қ.Жабатаев, И.Шынтереков, С.Жабаев, Ө.Мамасеріков, Ә. Құрамысов, Е.Сағынтаев, Ө.Қанаев, Ұ.Ерімбетова, Б.Әшіров, Ж.Иманбердиев, Е.Байболаев, Ә.Қозыбақов, Ж.Сәменов, О.Дербісов, Қ.Серікбаев, Т.Тұрабаев, Ж.Қаныбеков, М.Тәшімбетов, Ж.Сәменов, М.Өксікбаев, Т.Мырзабеков, А.Түкібаев т.б. көптеп атауға болады. Сол сияқты білім қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетін басқарған еңбек ардагері, зейнеткер Асан Бейсенгіров, Қазыхан Серікбаев, Елтай Сейітқазиев, Тоқтасын Тұрғанбаев, Ерғали Серікбаевтар болса, бұл күндері жігерлі ұстаз Егемберді Қасым жұмыс істеуде.

Қате табылды ма? Оны таңдап, Ctrl+Enter басыңыз.