tamyz 2019 1Алқалы жиын басталар алдын аудан әкімі мен облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының бөлім басшысы Баянғали Жұмабаев, аудандық мәслихаттың хатшысы Мырзахан Манапов бастаған топ ауданның білім саласындағы жетістіктері мен даму перспективасы туралы көрмемен танысты.

Жиын барысында  сөз алған аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов оқушылардың робототехнологияны меңгеріп қана қоймай оны іс жүзінде көрсете білуі маңызды атап өтті.

Мұнан соң залға жиналған қонақтар мен аудан мұғалімдері алдында аудандық білім бөлімінің басшысы Жанат Мұсатаева «Адами капиталды дамытудың көзі ретінде қазақстандық білім беру мазмұнын жаңарту» тақырыбында есепті баяндама жасады. Былтырғы оқу жылындағы жетістіктер мен кемшіліктерді атап өтіп, алдағы міндеттерге кеңінен тоқталған бөлім басшысы білім саласындағы игі жаңалықтарды атап өтті.

Шара барысында жарыссөзге шыққан Темір жалпы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ханзада Басқанбаева, Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Әділ Жұмаділлаев, Отырар жалпы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Керімбек Асылбек пен "Болашақ" балабақшасының тәрбиешісі Сабина Изенбаевалар білім беру ісіндегі жетістіктерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды.

Жиында сөз алған облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының бөлім басшысы облыс орталығына жақын аудандардың бірі Отырарда дарынды балаларды даярлайтын оқу ордасын ашу жайында ұсынысын айтып, ғылым мен ілімнің бастауы болған, ұлы ойшыл-ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің Отанында дарын мектебінің болуы керек екендігін тілге тиек етті. Өз кезегінде бұл ұсынысты толық қолдайтынын айтқан аудан басшысы алдағы уақытта осы бағытта жұмыс жасайтынын сөз етті.

Салтанатты жиын мұғалімдердің түрлі деңгейдегі марапаттау рәсімдеріне ұласты. Ұстаз деген ұлы есімге кір келтірмей, шәкірт тәрбиелеу ісінде жемісті еңбек етіп жүрген бір топ педагогтер министрліктің арнайы төсбелгілерімен, аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысының сондай-ақ облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

tamyz 2019 tamyz 2019 2 tamyz 2019 3

Қате табылды ма? Оны таңдап, Ctrl+Enter басыңыз.