- Толығырақ
- Автор: Абдукаримов Б.А.
- Санат: Accordion 2
- Қаралды: 263 рет
Отырар ауданындағы Т.Ибрагимов атындағы жалпы білім беретін мектебінің география пәнінің мұғалімі педагог-сарапшы Зарлыхан Перизат Жұмаханқызы. Бүгінге дейін еңбек жолында сан мыңдаған шәкірттердің жүрегіне жол тауып, ғылым білім көшінде жалықпай шаршамай еңбек еткеннің арқасында біршама жетістіктерге жеткен.
2017 жылы «1 желтоқсан- Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған "Жыл мұғалімі-2017" аудандық байқауында бас жүлдемен марапатталған.
2017 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай Отырар ауданы қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, түрлі салада жетістікке жеткені үшін 2017 жылдың "Үздік мұғалімі" номинациясымен марапатталған.
2018 жылы Аудан әкімінің 2018 жылғы 20 наурыздағы 54 өкімімен Перизат Жұмаханқызы Отырар ауданының "Үздік ұстазы" атағы берілді.
- Толығырақ
- Автор: Абдукаримов Б.А.
- Санат: Accordion 2
- Қаралды: 387 рет
Отырар ауданындағы М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінің география пәнінің мұғалімі педагог зерттеуші:Жанбатырова Аийда Шарифуллина. Бүгінге дейін еңбек жолында сан мыңдаған шәкірттердің жүрегіне жол тауып, ғылым білім көшінде жалықпай шаршамай еңбек еткеннің арқасында біршама жетістіктерге жеткен.
-2018 ж. «Математика және жаратылыстану пәндерінде оқушылардың білім сапасын арттыру-адами капиталды дамыту негізі»тақырыбындағы өткен аудандық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысқаны үшін I орынмен, облыстық кезеңінде мадақтамамен марапатталған.
-2021 ж. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде география пәні бойынша оқушысы Момын Зейнеп Ⅲ дәрежелі дипломмен марапатталған.
-2021 ж. «ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай: «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің кәсіби құзіреттілігін дамыту арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференция жинағына мақала жариялағаны үшін марапатталды.
-2022 ж. Оқушылардың аудандық ғылыми жоба байқауында қоршаған орта секциясы бойынша қатысып жүлделі I орынмен оқушысы Айтбай Тоғжан марапатталған.
-2022 ж. Аудандық пән мұғалімдерінің олимпиадасында өзінің білімі мен біліктілігін көрсеткені үшін география пәні бойынша Ⅱ орынмен марапатталған.
-2022 ж. «Білімнің басты құндылықтары:отаншылдық,білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің аудандық Тамыз кеңесінің педагогикалық оқуында жоғарғы дәрежедегі инновациялық идеялары мен тәжірибесімен бөліскені үшін марапатталған.
-2023 ж. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде география пәні бойынша оқушысы Оңалбек Азамат I дәрежелі дипломмен, облыстық кезеңінде дәрежелі дипломмен марапатталды. -
-2023 ж. Отырар ауданының білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
-2023 ж. 22 қарашада өткен Отырар ауданының «Үздік мұғалім-2023ж» байқауының бас жүлдесімен марапатталды.
-2023 ,ж «Ұлт келбеті -жас маман» тақырыбында өткізілген облыстық жас мамандар форумына қатысып, облыстық басқарма басшысының алғыс хатымен марапатталды.
-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегерін дайындағаны үшін облыстық дарын орталығының алғыс хатымен марапатталды.
-2023 ж. Республикалық «Жылдың үздік авторы-2023» атты шығармашылық байқауына «География пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы есептер шығарудың әдіс-тәсілдері» тақырыбы бойынша қатысып,үздік нәтиже көрсеткені үшін I дәрежелі дипломмен марапатталды.
- Толығырақ
- Автор: Абдукаримов Б.А.
- Санат: Accordion 2
- Қаралды: 878 рет
1977 жылы, желтоқсан айының 22 жұлдызында, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Отырар ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген.
1984 жылы Отырар ауылындағы, Отырар орта мектебінің 1 сыныбына қабылданып, орта мектепті 1994 жылы бітірген.
1999 жылы Түркістан қаласындағы Оңтүстік Қазақстан Ашық университетіне, филология факультетіне түсіп, 2003 жылы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген.
2001 жылдан қазіргі таңға дейін Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылындағы Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде үздіксіз жұмыс жасап келеді.
Жеткен жетістіктері:
2017 жылы аудандық педагогикалық тамыз кеңесінде « Білім берудің инновациялық стратегиясы-мемлекеттің,қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» тақырыбында мақтау қағазымен;
2018 жылы Білім беру және ақпараттық жаңашыл технологиялардың ғылыми-зерттеу орталығының «Оқытудың инновациялық технологиялары: интербелсенді оқу әдістемесін сабақта қолдану» атты білім жарысында арнайы сертификатпен марапатталды;
Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан «Талантты жастарды қолдау» қоғамдық қорының арнайы Алғыс хатымен;
12 жылдық оқыту моделіне көшу қарсаңында оқу үрдісінде жаңа технологияларының (Дамыта оқыту, интербелсенді оқыту әдістемесі, «Биоақпараттандыру және синергетика») әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану әдістемесі бойынша шығармашылық белсенділік танытқаны үшін Мадақтамамен марапатталды;
Қоғамдағы тәрбиенің рөлін арттыру, тәрбие үрдісін жетілдіру, тәрбие субьектілерінің құзырлығын дамыту мақсатында өткен аудандық «Үздік сынып жетекші-2018» байқауында ІІ дәрежелі дипломмен жүлделі орынға ие болды.
2019 жылы наурыз айында Республикалық колледждер мен мектептер мұғалімдері арасында өткізілген «Үздік педагог- зерттеуші» ғылыми –әдістемелік жұмыстар конкурсының ІІ орын жеңімпазы атанды және «Зерттеуші» республикалық журналына үздік тәжірибесі жарық көрді.
2018 жылы Аудандық пән мұғалімдері олимпиадасында білімділігі мен біліктілігін және кәсіби шеберлігін таныта отырып,1 дәрежелі Дипломмен марапатталып,облысқа жолдама алды.Облыстық пәндік олимпиадада мерейі үстем болып,2 дәрежелі Дипломмен жүлделі оралды.
2018 жылы Шымкент қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығында «Тәжірибедегі рефлексия» мектеп тренерлері курсын аяқтап,педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы аясында ауданымызда тұңғыш рет мектеп мұғалімдеріне жаңартылған білім беру мазмұнына байланысты оқыту курсын жоғары деңгейде жүргізе білді.
2019 жылы Шымкент қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығында «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» мектеп тренерлері курсын аяқтап,ауданымызда Сабақты зерттеу мен Іс-әрекеттегі зерттеу үдерісі бойынша алғаш рет оқыту курсын ұйымдастырып,мұғалімдерге тәлімгерлік жұмысын жасады,өз тәжірибесін әріптестер арасында тренингтер арқылы көрсетіп,тәжірибе алмасты.
2019 жылы Д.Пәрменқұлов атындағы «Шығармашыл ұстаз-2019» байқауында Бас жүлдеге ие болды.
2019 жылы «Үздік мұғалім-2019» аудандық байқауында Бас жүлдемен марапатталды.
2019 жылы республикалық ғылыми-әдістемелік «Тағылым» журналында «Іс-тәжірибе уақыт кеңістігінде» атты мақаласы жарық көрді.
2019 жылы облыстық «Шамшырақ» зияткерлік олимпиадасында Алғыс хатпен марапатталды.
Республикалық ғылыми-әдістемелік басылым «Қазақ тілі мен әдебиет» журналына мақалалары мен сабақ жоспарлары жарияланды.
Интернет желісіндегі Ұстаздар сайты арқылы тізбектелген сабақтар топтамасы жоғары бағаланып,электрондық түрде арнайы сертификат ұсынылды.
- Толығырақ
- Автор: Абдукаримов Б.А.
- Санат: Accordion 2
- Қаралды: 658 рет
1981 жылы 17 шілдеде Отырар ауданы, Қоғам ауылында дүниеге келген.
1988 жылы Қоғам ауылындағы жалпы орта мектептің 1 сыныбына қабылданып, аталған мектепті 1997-1998 жылдары қызыл аттестатпен бітірген.
1999 жылы ХҚТУ-дің тарих факультетіне оқуға түсіп, тарих мамандығы бойынша үздікпен бітірген.
2002 жылдан бастап Отырар ауданы, Темір ауылындағы «Темір» жалпы орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс істейді
Жеткен жетістіктері:
2014 жылы аудандық «Өнерлі ұстаз» байқауында II дәрежелі дипломмен марапталған
2014 жылы аудандық «Үздік мұғалім» байқауында II дәрежелі дипломмен марапталған
2014 жылы аудандық тарих пәнінің мұғалімдер олимпиадасында II дәрежелі дипломмен марапталған
2017 жылы Алаш Орда үкіметінің 100 жылдығына орай өткен ғылыми -тәжірибелік конференцияға қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталған.
2017 жылы «Қазақ хандығы – Мәңгілік Ел идеясы» атты байқауда III дәрежелі дипломмен марапатталған.
2019 жылы аудандық «Үздік мұғалім» байқауында бас жүлдемен марапатталған.
2 бет. Барлығы: 2
- Бас жағына
- Артқа
- 1
- 2
- Алға
- Аяқ жағына