Отырар ауданындағы Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі педагог –сарапшы: Тағабай Ақжарқын Маманқызы. Бүгінге дейін еңбек жолында сан мыңдаған шәкірттердің ыстық ықыласына бөленіп, жүрегінен жол тауып ғылым білім көшінде жалықпай, қажымай қажырлы еңбек еткеннің нәтижесінде біршама жетістікке жетті.
2019 жылы Орта білім саласында жаңа мазмұнды бағдарламаны ендіруде «Білім сапасын арттырудың ғылыми тәжірибелік негіздері» тақырыбында жүргізіліп жатқан эксперимент аясында шығармашылық белсенділік танытқаны үшін Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқарма басшысы Жолаевтың «Мадақтамасымен» марапатталды.
2019 жылы Аудандық пән мұғалімдері олимпиадасына қатысып білімділігі мен біліктілігін көрсеткені үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды.
2021 жылы Облыстық пән мұғалімдерінің олимпиадасына қатысып Түркістан облысының Адами Әлеуетті дамыту басқармасының жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2021 жылы Педагогтардың мәртебесін көтеру мен кәсіби біліктілігін арттыру және дамыту мақсатында өткізілген республикалық «мұғалімдердің пәндік олимпиадасына қатысып, Түркістан облысының Адами Әлеуетті дамыту басқармасы әдістемелік орталығының жүлделі ІІІ орынмен марапатталды.
2021 жылы Жас ұрпаққа заман талабына сай сапалы білім беріп, 2-11-сынып оқушылыры арасындағы үштілділік бойынша республикалық «Алтын қыран - ерекше дарын иесі» байқауына шәкірт дайындап өз білімін жоғары деңгейде көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды.
2021 жылы Түркістан облысының Адами Әлеуетті дамыту басқармасының «Алғыс хаты».
2021 жылы Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойы аясында «Ы.Алтынсарин: Ұлттық педагогика, методолдогия» атты аралас форматтағы аймақтық онкүндік іс-шарада белсенділік танытқаны үшін Түркістан облысы Әдістемелік орталығының «Алғыс хатымен» марапатталды.
2022 жылы «Педагогтің кәсіби құзіреттілігі-білім сапасын көтерудің факторы» атты облыстық семинарда терең теориялық білімі мен кәсіби шеберлігін көрсеткені үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының «Мақтау қағазымен» марапатталды.
2022 жылы Республикалық ғылыми- әдістемелік мерзімді баспасөз басылымы ұйымдастырған шараға белсене қатысып «Үздік сабақ» көрсеткені үшін Дипломмен марапатталды.
2023 жылы Облыстық білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Әдебиет әлемі» байқауының Аудандық кезеңінде «Қазіргі білім беру парадигмасындағы филологиялық зерттеулер» бағыты бойынша І орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.