uzdik ustaz 20191977 жылы, желтоқсан айының 22 жұлдызында, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Отырар ауылында  қарапайым отбасында дүниеге келген.

1984  жылы  Отырар ауылындағы, Отырар орта мектебінің  1 сыныбына қабылданып, орта мектепті  1994 жылы бітірген.

1999 жылы  Түркістан қаласындағы Оңтүстік Қазақстан Ашық университетіне, филология факультетіне түсіп, 2003 жылы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген.

2001  жылдан  қазіргі таңға дейін Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылындағы Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде үздіксіз  жұмыс жасап келеді.

Жеткен жетістіктері:

2017 жылы  аудандық  педагогикалық  тамыз кеңесінде « Білім берудің инновациялық стратегиясы-мемлекеттің,қоғамның және жеке тұлғаның  тұрақты даму факторы» тақырыбында  мақтау қағазымен;

2018  жылы  Білім беру және ақпараттық  жаңашыл технологиялардың  ғылыми-зерттеу орталығының «Оқытудың  инновациялық  технологиялары: интербелсенді оқу әдістемесін сабақта қолдану» атты білім жарысында арнайы сертификатпен марапатталды;

Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан «Талантты жастарды қолдау» қоғамдық қорының арнайы  Алғыс хатымен;

12 жылдық оқыту моделіне көшу қарсаңында  оқу үрдісінде жаңа технологияларының (Дамыта оқыту, интербелсенді оқыту әдістемесі, «Биоақпараттандыру және синергетика») әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану әдістемесі бойынша шығармашылық белсенділік танытқаны үшін Мадақтамамен марапатталды;

Қоғамдағы  тәрбиенің рөлін арттыру, тәрбие үрдісін жетілдіру, тәрбие субьектілерінің құзырлығын дамыту  мақсатында өткен  аудандық  «Үздік сынып жетекші-2018» байқауында  ІІ дәрежелі дипломмен жүлделі орынға ие болды.

2019 жылы наурыз  айында Республикалық  колледждер мен мектептер  мұғалімдері арасында өткізілген  «Үздік педагог- зерттеуші» ғылыми –әдістемелік жұмыстар конкурсының  ІІ орын жеңімпазы атанды және  «Зерттеуші» республикалық  журналына үздік тәжірибесі жарық көрді.

2018 жылы Аудандық пән мұғалімдері олимпиадасында білімділігі мен біліктілігін және кәсіби шеберлігін таныта отырып,1 дәрежелі Дипломмен марапатталып,облысқа жолдама алды.Облыстық пәндік олимпиадада мерейі үстем болып,2 дәрежелі Дипломмен жүлделі оралды.

2018 жылы  Шымкент қаласындағы Педагогикалық шеберлік  орталығында «Тәжірибедегі рефлексия» мектеп тренерлері курсын аяқтап,педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы аясында ауданымызда тұңғыш рет мектеп мұғалімдеріне жаңартылған білім беру мазмұнына байланысты оқыту курсын жоғары деңгейде жүргізе білді.

2019 жылы Шымкент қаласындағы Педагогикалық шеберлік  орталығында «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» мектеп тренерлері курсын аяқтап,ауданымызда Сабақты зерттеу мен Іс-әрекеттегі зерттеу үдерісі бойынша алғаш рет оқыту курсын ұйымдастырып,мұғалімдерге тәлімгерлік жұмысын жасады,өз тәжірибесін әріптестер арасында тренингтер арқылы көрсетіп,тәжірибе алмасты.

2019 жылы Д.Пәрменқұлов атындағы «Шығармашыл ұстаз-2019» байқауында Бас жүлдеге ие болды.

2019 жылы   «Үздік мұғалім-2019» аудандық байқауында Бас жүлдемен марапатталды.

2019 жылы республикалық ғылыми-әдістемелік «Тағылым» журналында «Іс-тәжірибе уақыт кеңістігінде» атты мақаласы жарық көрді.

2019 жылы облыстық «Шамшырақ» зияткерлік олимпиадасында Алғыс хатпен марапатталды.

Республикалық  ғылыми-әдістемелік басылым «Қазақ тілі мен әдебиет» журналына  мақалалары мен сабақ  жоспарлары жарияланды.

Интернет желісіндегі  Ұстаздар сайты арқылы  тізбектелген сабақтар топтамасы жоғары бағаланып,электрондық  түрде арнайы сертификат ұсынылды.

uzdik ustaz 20181981 жылы 17 шілдеде Отырар ауданы, Қоғам ауылында дүниеге келген. 

1988 жылы  Қоғам  ауылындағы жалпы орта мектептің 1 сыныбына қабылданып, аталған мектепті 1997-1998 жылдары қызыл аттестатпен  бітірген.

1999 жылы ХҚТУ-дің тарих  факультетіне оқуға түсіп, тарих мамандығы  бойынша үздікпен бітірген.

2002 жылдан бастап Отырар  ауданы, Темір ауылындағы «Темір» жалпы орта   мектебінде тарих пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс істейді

Жеткен  жетістіктері:

2014 жылы аудандық «Өнерлі ұстаз» байқауында II дәрежелі дипломмен марапталған

2014 жылы аудандық «Үздік мұғалім» байқауында II дәрежелі дипломмен марапталған

2014 жылы аудандық тарих пәнінің мұғалімдер олимпиадасында II дәрежелі   дипломмен марапталған

2017 жылы Алаш Орда үкіметінің 100 жылдығына орай өткен ғылыми -тәжірибелік конференцияға қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталған.

2017 жылы «Қазақ хандығы – Мәңгілік  Ел  идеясы»  атты  байқауда III  дәрежелі  дипломмен  марапатталған.

2019 жылы аудандық  «Үздік  мұғалім» байқауында бас жүлдемен марапатталған.